• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы  №11-1-2/262

201 рет
көрсетілді

2016 жылғы 14 маусым, Астана қаласы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы М.ТІЛЕУБЕРДІ «Келісілді» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ______________ Е. Сағадиев 2016 жылғы 22 маусым Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары 1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерді есепке алу тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке қою үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты. 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі – Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет; 2) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), туған күнін және туған жерін, төлқұжат нөмірін, кім және қашан бергені көрсетілген оларды есепке қою туралы жазбаша өтініш (еркін нысанда жазылған); 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу карточкасы; 4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім. 3. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің қызметкері осы Қағидалардың 2-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдіруші ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке қояды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді. Анықтаманың көшірмесі есепке алу карточкасына қоса тіркеледі. 4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес анықтаманы рәсімдегені үшін консулдық алымдар алынады. 5. Осы Қағидалардың 2-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда немесе осы Қағидалармен қарастырылған талаптардың бұзылуы арқылы ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-ана­ла­рының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары не шетелдіктер жіберген кемшіліктерді жойғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тармағында қарастырылған құжаттар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне қайта тапсырылады. 7. Есепке алу карточкалары әліпби тәртібімен «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдар, шетелдiктер» бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады. 8. Есепке алынған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар және шетелдіктер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне дейін (10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін) әрі қарай жолдау үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жарты жылда бір рет есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 1 күніне дейін (1 шілдеге дейін және 1 қаңтарға дейін) жіберіледі. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларына 1-қосымша Нысан Бала асырап алу агенттігінің атауы (ресми бланкіде) Мекенжай: тел: 20___ ж. «____» _____ № ___________ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы Қолдаухат «____» (бала асырап алу агенттігінің атауы, ____ ж. «____» лицензия нөмірі ______, Қазақстан Республикасында аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын жетім баланы (балаларды), ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды. Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді (келмейді). Лауазымды адамның қолы Т.А.Ә. _________ Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) Фотосуретке арналған орын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу карточкасы 1. Т.А.Ә. 2. Туған күні және жері 3. Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген 4. Азаматтығы 5. Тұрғылықты мекенжайы 6. Білімі 7. Жұмыс орны 8. Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә. 9. Күні және туған жері 10. Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген 11. Азаматтығы 12. Тұрғылықты мекенжайы 13. Білімі 14. Жұмыс орны Қолы ____________________ 20__ жылғы «____» __________ Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларына 3-қосымша Нысан __________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекеме- сінің атауы) азамат/ша (Т.А.Ә., азаматтығы) __________________________________________ мекен жайы және телефон нөмірі:_____________ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы өтініш-келісім Мен, ___________________________, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда ол он сегіз жасқа толғанға дейін асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді ұсынуға міндеттенемін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алынған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелеттiк жасқа (18 жас) толғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің уәкілетті қызметкері баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайының және денсаулық жағдайының сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi. 20___ жылғы «___»___________ ________________________ (өтiнiш берушiнiң қолы) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларына 4-қосымша Нысан 20__ ж «_____» ___________ №_________ Анықтама Осымен __________________________________ азаматтары/азаматы (елдің атауы) Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________ Туған күні___________________________________________________________ Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________ Туған күні __________________________________________________________ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген тұлғалар/тұлға ретінде есепке алынғандығын растаймыз. Қазақстан Республикасының қолы шетелдегі мекемесі қызметкерінің Т.А.Ә. (мөрге арналған орын) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13958 болып енгізілді.